$ 494.87  520.65  4.91

Антикор Нұр-Сұлтандағы стадионға қатысты пара алу дерегін тергеп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысы параны Орталық стадионды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін алған.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды апатты деп тану үшін пара алу дерегі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Антикор.

«Антикоррупциялық қызметі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды нысанды апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты жеке компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады», - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нұр-Сұлтан