$ 445.66  474.58  4.78

Алакөлдегі өрт: Бизнес иелерінің шығынын кім өтейді?

Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, тілсіз жаудан зардап шеккен бизнес иелерінің шығынын өтеу мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алакөлдегі өрт шығынын есептеу үшін арнайы комиссия өз жұмысына кірісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, тілсіз жаудан зардап шеккен бизнес иелерінің шығынын өтеу мәселесі ведомствоның құзыретіне кірмейді.

"Туристердің қолдарында жолдамалары болса, арыз жазып, кеткен шығынды қайтаруды талап ете алады", - деп түсіндірді Талғат Уәли.

Тағы оқыңыз: Алакөлдегі өрттен 7 адам зардап шекті

Ал бизнес субъектісі өазінің нысанын сақтандырған болса, онда сақтандыру компаниясынан өтемақы талап етуге құқығы бар. Ал сақтандыру болмаған жағдайда, бұл мәселені арнайы құрылған комиссия шешеді.

Еске салсақ, 4 шілде күні Алакөл жағасындағы демалыс базасында тұтанған өрт 3000 шаршы метрді шарпыды. Өрттен 4 бірдей демалыс орны зардап шекті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары