05.07.2022, 18:20

«Бауыржан Момышұлының атынан жасадым». Белгілі спортшы ұлы тұлғаның атынан бәдел қажылыққа барды

Фото: ашық дереккөз
Ол кісі өмірден озғанда мен екі жасар бала едім. Осы бала кейін оның атынан Қасиетті Меккеге келетінін, ол кісі білмеген де шығар...

Белгілі спортшы Ардақ Назаров қазақтың біртуар азаматы, аңыз адам Бауыржан Момышұлының атынан қажылық сапар жасап, парызын өтеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

«Ол кісі өмірден озғанда мен екі жасар бала едім. Осы бала кейін оның атынан Қасиетті Меккеге келетінін, ол кісі білмеген де шығар. Қазақтың біртуар азаматы, батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың атынан Ұмра қажылығын жасадым. (Мұндайды дінімізде «Бәдәл» дейді, яғни, басқа адамның атынан қажылық немесе ұмра жасалады).

Белсенділер алаштықтарды құртып қазақтың түбіне жеттік дегенде Алла Тағала Бауыржан атамыз сияқты ұлдарды сақтаған, олар елдің рухын көтерген. Атамызды Алланың мейіріміне бөлеп, жәннатын нәсіп етсін. Қажылық сіздерге де нәсіп болсын, бауырлар», деді Ардақ Назаров.