$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі журналист екі айға қамауға алынды

Журналист Махамбет Абжанды 3 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған болатын.

Нұр-Сұлтан қалалық тергеу сотының баспасөз қызметі журналист, блогер Махамбет Абжанның екі айға қамауға алынғанын жеткізді.

Бұлтартпау шарасын таңдау соты бес сағаттан астам уақытқа созылып, нәтижесінде екі айға қамауға алынды.

«2022 жылғы 5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Махамбет Абжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген соттың хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық журналист Махамбет Абжанды 3 шілде күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары