$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялаудың мақсаты – Петропавл 2-ші ЖЭО болған апат салдарын жою.

Петропавлдағы 2-ші жылу-электр орталығында болған апатқа байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ибраевтың айтуынша, әзірге жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жоқ. Шешім 4 шілде күні өткен қалалық әкімдік жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қабылданды. Бұл шешім ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қоғам талқылауына салынған.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялаудың мақсаты – Петропавл 2-ші ЖЭО болған апат салдарын жою.

«Негізгі міндет – төтенше жағдайдың ықтимал теріс дамуына бағалау жүргізу, жылыту маусымын қауіпсіз өткізу үшін қажетті шараларды қолдану, қажет болған жағдайда әлеуметтік маңызы бар нысандарды жылыту үшін қосымша жабдықтар сатып алу», - делінген қаулы жобасында.

Естеріңізге сала кетсек, биыл 20 наурыз күні Петропавл жылу орталығының түтін мұржаларының бірі ішінара опырылып құлаған еді. Үйіндінің астында қалған жұмысшы қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, орталық директоры мен бас инженері қамауға алынды . Тергеу амалдары әлі аяқталған жоқ.

Сондай-ақ, Энергетика министрі Болат Ақшолақов Петропавлдағы мұржасы құлаған 2-ЖЭО-да болып, нысанды күрделі жөндеуге 17,5 млрд теңге қажет екенін айтты.

Ал, жуырда «Севказэнерго» АҚ түтін мұржасын бөлшектеуге неге үш адамның ғана жұмылдырылғанына түсінік берді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, үлкен бригадаға қауіпті аймақта болуға тыйым салынған. Өйткені алып конструкция тұрақсыз, қайта құлау қаупі жоғары. Сондықтан биіктіктегі жұмыстарды арнайы дайындалған альпинистер атқарып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Петропавл