$ 494.87  520.65  4.91

Ата-аналар TikTok әлеуметтік желісін сотқа берді

Олардың балалары қауіпті қара челленджге қатысқаннан кейін көз жұмған.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Қауіпті челлендж салдарынан қаза тапқан жеті баланың отбасы TikTok әлеуметтік желісін сотқа берді. Желі енді қауіпті контентті іздейтін кәмелетке толмаған пайдаланушыларды автоматты түрде жаңа басшылыққа бағыттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, TikTok желісіне қарсы арызданушы ата-аналардан бірден бірнеше сот ісі қозғалған. Олардың балалары қауіпті қара челленджге қатысқаннан кейін көз жұмған. Челендждің шарты мойынға белдікті қысып байлау болған. Қаза тапқандардың отбасы әлеуметтік желінің қауіпті іс-қимыл көрсететін бейне роликтердің таралуына шектеу қоймағанына наразы.

"TikTok әлеуметтік желісі кейбір челлендждерді жарнамалайтын және насихаттайтын болғандықтан, ол өзінің қосымшасында жарияланған және таратылатын бейнелерді бақылауға міндетті. Платформа қауіпті челлендж роликтерінің жарияланбауын, таратылмауын және ұсыныстарда болмауын қамтамасыз етуі керек", - делінген шағымдардың бірінің мәтінінде.

АҚШ, Австралия және Италияда тұратын 10-14 жас аралығындағы жеті бала қара челлендждің құрбанына айналған.

Ақпан айында TikTok қауіпсіздіктің талаптарының өзгеруі туралы хабарлады. Әлеуметтік желінің баспасөз қызметі қауіпті контентті іздейтін кәмелетке толмаған пайдаланушыларды автоматты түрде жаңа басшылыққа бағыттайтынын айтты. Онда пайдаланушыларға челленджге қатыспас бұрын, видеода болып жатқан жағдайлар қауіпті немесе зиянды болуы мүмкін екені ескертіліп, қайталамау сұралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары