Жаңалықтар 11.07.2022 сағат 01:07

Алматыда қару асынған адам полицейлерді аяғынан тік тұрғызды (ВИДЕО)

102 пультіне Алматының Алатау ауданының тұрғын үй секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскен.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматыда қару асынған ер адамның неге атыс шығарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматының Алатау ауданының тұрғын үй секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскен.

"Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл М. есімді азамат, 1985 жылы туған, осы шағын ауданның тұрғыны. Бұл ер адам өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтықпен қаруланған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ер адам әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барғанын айтып, түсіндірді. Ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар