Қарағандыда нөсер жаңбыр салдарынан мектеп шатыры опырылып түсті.
"Қарағанды қаласының білім бөлімі хабарлағандай, маусым айының соңында №50 мектептің спорт залында ішкі жөндеу жұмыстары басталған. Мердігерлер спорт залдың төбесіндегі жұмсақ шатырға жөндеу жұмыстарын жүргізген. 8 шілде күні сағат 21.00-де спорт залдың шатыр тіреулері құлап кеткен. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Мектеп ғимаратында апаттың белгілері болған жоқ», - деді білім бөлімі.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тергеу жүргізу және болған оқиғаның себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылды.