$ 494.87  520.65  4.91

Собчак Рыбакина туралы: «Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі»

Оның бұл пікірі Рыбакинаның жеңісін Ресейдің жеңісі деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап болды.

Ресейлік журналист әрі тележүргізуші Ксения Собчак қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның "Уимблдондағы" сенсациялық жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Турнир чемпионы - Мәскеудің тумасы, Ресей азаматтығын Қазақстан азаматтығына ауыстырған Елена Рыбакина. Қандай да бір себептермен ұлттық құрамаға кіре алмаған кез келген спортшы, мансабын жалғастыру үшін азаматтығын ауыстырады. Елена Қазақстан азаматы болғандықтан, белорустар мен ресейліктерге салынған тыйымнан оңай өтіп, Уимблдонға қатысты. Кеше ол қарсыласын жеңіп, әйелдер арасындағы жекелей дәрежеде чемпион атанды. Бұл оның алғашқы "Үлкен Дулыға" атағы", - деп жазды Собчак Telegram-арнасында.

Оның бұл пікірі Рыбакинаның жеңісін Ресейдің жеңісі деп жүрген әлеуметтік желілердегі кейбір жазбаларға жауап болды.

"Бұл - Ресейдің емес, Қазақстанның жеңісі, өзімізді алдамайық. Ресейде оған ешкім мүмкіндік бермеді, сондықтан үлкен турнирлерге қатыса алмады. Оған жеңіске жету мүмкіндігін берген - Қазақстан", - деді Собчак.

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіге хабарласып, жеңісімен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары