$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз мерт болды

Қазір осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.

Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды, - деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

3 шілдеде жедел басқару орталығының "102" арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні және электр тоғынан қайтыс болғаны анықталған.

Бұл жайт Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазір осы істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары