$ 443.85  474.3  4.8

«Балалары бар»: Оралда қарттар үйінде 61 жастағы ер адам асылып қалды

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, еш нәтиже болмады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Оралда қарттар үйінен өз-өзіне қол жұмсаған азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«9 шілде күні кешке таман механикалық асфиксия белгілері бар 61 жастағы азамат табылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, еш нәтиже болмады. Қызметкерлердің іс-әрекет алгоритміне сәйкес, қызмет алушылар қайтыс болған жағдайда, тиісті органдарға хабарланады», - деп хабарлады полиция департаменті.

Марқұм екінші топтағы мүгедек болған. Ер адам Орал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2008 жылдың 8 ақпанында түскен.

«Оған биполярлы аффективті бұзылыс, аралас типті жыл сайынғы асқынуы, гипоманиялық жағдай, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған болатын. Осы жылдың мамыр айында облыстық психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған. Оралда тұратын балалар бар», - деп түсіндірді орталық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары