$ 444.22  476.38  4.82

Абаев сахнаға мас күйінде шығатын әртістердің гонорарын алып қоюды ұсынды

Министр әртістер мен концерт ұйымдастырушыларының жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтады.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандық әртістер мен концерт ұйымдастырушылары үшін айыппұл мөлшерін алатын гонорар мөлшеріне дейін арттыруды ұсынды.

"Бізге әртістердің де, концерт ұйымдастырушылардың да жауапкершілігін арттыру қажет. Қазір оларға концерт үшін алынатын гонорар мөлшерінде айыппұл салу туралы норманы талқылаймыз. Өйткені сахнада мас күйінде өнер көрсететін әртістерге айыппұл мөлшері көшеде жүрген мас адамның төлейтін айыппұлына тең болып тұр", – деді министр журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

"Әртістердің өнер көрсетуіне 5 жыл немесе өзге мерзімге шектеу қоюға болмайды деп санаймын. Бұл әртістердің елден кетуіне немесе толығымен желіге ауысуына әкелуі мүмкін", - деп қосты ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары