$ 444.22  476.38  4.82

Қостанай көшелерінде сиыр адамдарға шабуылдаған: Зардап шеккендер бар

Сиыр қаланың үш тұрғынын жарақаттады.

Қостанай орталығында сиырдың шабуылынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде қаланы аралап жүрген сиырдың видеолары пайда болды. Қожайынынан қашқан сиыр агрессивті әрекеттер жасапты. Видеоға қарағанда, аулалардың бірінде сиыр әйелді құлатып кеткен.

Сиыр қаланың үш тұрғынын жарақаттады.

«Жамбас сүйегінің сынуы деген күдікпен ер адам ауруханаға түсті, бір әйелдің аяғы көгерген, ал зейнеткердің қол сүйегі сынған», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Ал полиция басқармасы сиырдың иесін анықтап, тиісті шаралар қабылдаған.

«Полицейлер жануардың иесін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнында барлық қауіпсіздік шаралары жүргізілді. Қазір сиыр қоршалған аумақта, иесі оны алып кетуі керек», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары