Жаңалықтар 11.07.2022 сағат 20:20

Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Рыбакина жеңіс үшін бар күшін салғанын айтып, ағынан жарылды.
Елена Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. 

Айта кетейік, 7 шілде күні Елена Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінің финалына шықты. Осы жеңісімен спортшыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. 

Е.Рыбакина жеңіс үшін бар күшін салғанын айтып, ағынан жарылды. Букмекерлер Уимблдон финалында Елена Рыбакинаның қарсыласын фаворит деп таныған болатын. Соған қарамастан ол Уимблдон турнирінің чемпионы атанды. Қазақстан Президенті Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ Е. Рыбакина Қазақстан теннис Федерациясының сыйақысын алудан бас тартты. Мұны дарынды спортшы қаржыны қайырымдылыққа Қазақстанның жас спортшыларын қолдауға жұмсағысы келетінімен түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар