Жаңалықтар 12.07.2022 сағат 05:05

Екібастұз тұрғындары әкімнің отставкаға кетуін талап етті

Бұған қатысты Павлодар облысының әкімдігін түсініктеме берді.
Екібастұз тұрғындары әкімнің отставкаға кетуін талап етті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Екібастұз тұрғындары желіде әкімнің отставкаға кетуін қызу талқылауда. Қала басшысын жұмыстан босатуды талап еткен жазбада оқырмандардың пікірі екіге бөлінген. Бұған қатысты Павлодар облысының әкімдігін түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Көптің талқысына түскен жазба Instagram әлеуметтік желісіндегі zhaloba__ekibastuz тобында жарияланды.

Бұны көрген желі оқырмандары өз ойларын жазып жатыр. Бірі "әкім жұмысын атқарып жатыр" десе, екінші тарап қала басшысын отставкаға жіберу туралы талапты қолдаған.

"Бұл әкім кете берсін", "Ол кеткенімен басқасы келеді. Айырмашылық бар ма?", "Мені де әкімнің қашан қызметінен кететіні қызықтырады? Алайда қашан? Арыздар өте көп, қала дамып жатқан жоқ", "Жақсы әкім. Барлық жерде тәртіп бар. Маған ұнайды", "Жаман әкім емес секілді. Қаланың барлық жеріне тасжол төседі", - деді олар.

Павлодар облыстық әкімдігі бұған қатысты пікір білдіріп, қала басшысының қызметінен босату туралы шешім әлі шықпағанын жеткізді.

"Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Қазір облыстық сотта апелляцияда жатыр. Өтініш үкім күшіне енгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен берілетін болады", - деп түсіндірді ведомствода.

Айта кетейік, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің екі қызметкеріне қатысты іс Павлодар облыстық сотының қарауына келіп түскен. Бұған дейін Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталған еді. 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар