Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«13 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
13 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 13 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
«Күндіз 13 шілдеде Атырау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қаласында күндіз 13 шілдеде 37-39 градус қатты ыстық сақталады», - деп ескертті синоптиктер.
Күндіз 13 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық, оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Орал қаласында13 шілдеде 38 градус қатты ыстық.