Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша полицейлерді тұтқындаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
«Аталған жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды» делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында
9 шілде күні Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылды.