Yk-news.kz сайтының хабарлауынша, жүргізушілердің наразылығы туралы қала тұрғындары айтып берген: №262 бағыттағы бірнеше микроавтобус соңғы аялдамаға тұрып алып, жолаушыларды тасымалдаудан бас тартыпты.
«Жүргізушілер электронды билетке қарсы деп естідім. Олар жол жүру ақысы валидаторлар арқылы төленгенін қаламайды. Ал, біз, жолаушылар қайтпекпіз?», - дейді Өскемен қаласының тұрғыны.
Айта кетейік, 2 шілдеден бастап қаланың қоғамдық көліктерінде қолма-қол ақшамен жол жүру қымбаттады. Бұрынғы 90 теңгенің орнына қала тұрғындары 130 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар осы соманың жартысын төлейтін болады. Көлік картасымен немесе қосымшалар арқылы ақы төлейтіндер үшін сапар құны өзгеріссіз қалды.