Қазақстан 2025 жылдан бастап жаңа +997 телефон кодына көшеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникациялар комитетінің мәліметінше, еліміз жаңа кодқа 2025 жылдың қаңтарынан бастап ауысады. Комитет өкілдері +997 телефон кодын енгізу туралы жоспар әзірленіп, бекітіліп қойғанын жеткізді.
Қазақстан жаңа кодты өткен жылы резервке алып қойған. Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына сәйкес, қолданыстағы кодты жаңа +997 кодымен бірге екі жыл бойы қатар пайдалануға болады. Ал халықаралық интернет-платформаларды жаңа телефон кодтарына көшіру жұмыстары қосымша иелерімен бірге пысықталуда.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның +997 кодына көшуі туралы айтылған еді.