Жаңалықтар 14.07.2022 сағат 21:01

Терезеге ілініп тұрған баланы құтқарған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді

Батыр жігіт бұл әрекетін марапат алу үшін жасамағанын жеткізді. Дегенмен, оны елеп-ескерген қала тұрғындары мен лайықты құрмет көрсетіп жатқан жандарға алғысын білдірді.
Терезеге ілініп тұрған баланы құтқарған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жетінші қабаттан құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған жасөспірімге 3 бөлмелі пәтер берілді. 

«Бізді бүгін G-Park компаниясы шақырды. 3 бөлмелі пәтер берді. Ертеңнен бастап құжаттарды рәсімдейміз деді. Ал, біздің дәл қазіргі тұрып жатқан үйімізді ипотекаға алғанбыз», - деді Есдәулет Дәуітбеков.

Сонымен қатар, Есдәулет оқиғаның мән-жайын өзі толық баяндап берді.

«Мен аулада футбол ойнап жүргенмін. Көршілердің барлығы жинала бастады. Мен де барып мән-жайды білмек болдым. Сөйтсем, кішкентай бала терезенің алдында тұр екен. Терезеге маскеттік тор тағылған. Ол үзілуге сәл қалыпты. Кейін мен 7-қабатқа көтеріліп, бала тұрған үйдің есігін қақтым. Үйде үлкендерден ешкім болмады. Сосын пәтер иесенің рұқсатымен көрші үйдің балконынан шығып, баланы аман сақтап қалдым деп айта аламын. Бүлдіршін шамамен 3 жаста. Үйге кіргенде пәтерде тағы да үш бала бар екен. Анасы дүкенге кеткен. Мен балалардың анасы келгенге дейін бүлдіршіндермен бірге болдым. Көршілер полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырды. Олар бір сағаттан кейін ғана келді. Ал, бала өлім мен өмір арасында тұр ғой. Сол бір сағаттың ішінде не болатынын бір Құдай біледі. Сондықтан, оған дейін қарап тұра алмадым», - деді ол.

Батыр жігіт бұл әрекетін марапат алу үшін жасамағанын жеткізді. Дегенмен, оны елеп-ескерген қала тұрғындары мен лайықты құрмет көрсетіп жатқан жандарға алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз:  Астанада тағы бір жігіт жоғары қабатта ойнап отырған 2 баланы ажалдан аман алып қалды

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар