Жан әнші Арайлым Маханбетжанова Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға арнап «Анаға хат» әніне бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебаянға көрермен былай деп пікір жазыпты:
"Аман-есен елге оралуын тілеймін! Жүрекке жеткізіп орындапсың", "Жат елде жатқан қаршадай қыздың анаға, елге деген сағынышы осы әннің тарихы іспетті", "Жүрегім ауырды мынаны көріп. Аналар аман болсыншы. Анадан баланы, баладан ананы айырмасын!", "Арайлым, жарайсың! Өнерің өрге жүзсін! Әдемі шығыпты, әсерлі".
Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.
20 маусымда Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов күдікті Нигерия азаматы шетелде ұсталғанын хабарлады. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша қамалған нигериялық Қазақстанға экстрадицияланады
Ал бұл әнді алғаш сахнаға марқұм Ажар Түзелбекқызы алып шыққан еді. Әні мен сөзін Жәудір Артықбаева жазған. Сазгер бұл әнді туған өлкесін, балалық шағын, төркінін, алыста қалған анасын еске алып жазған екен. Ажар Түзелбекқызының бейнебаянында да есірткімен ұсталған қыздың оқиғасы көрсетіледі.