Ақтауда сапбордпен теңізде жүзіп жүрген 6 адамды ағыс алып кетті, деп хабарлайды lada.kz.
15 шілде күні кешкісін теңіздің Приморский тұрғын үй алабына қарсы тұсында сапбордпен жүзіп жүрген үш адам – 31 жастағы екі адам, 29 жастағы бір адам суға ағып кеткен. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті құтқару операциясын жүргізіп, барлық адам құтқарылған.
Сол күні кешке сапбордпен жүзіп жүрген тағы 3 адам құтқарылып, аман қалды. Дәрігерлер оларға алғашқы көмек көрсетті. Үшінші құтқару операциясы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында өткен. 2 адам үрленетін қайықпен жағажайдан алысқа сумен ағып кеткен.
Құтқарылған ер адамдарға Жедел медициналық көмек орталығының қызметкерлері алғашқы жәрдем көрсеткен.