Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М-1 көпірінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады деп хабарлады turkystan.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, жөндеу жұмыстары 16 шілде – 15 тамыз аралығында жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы – Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарманың хабарламасында.