Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасынан бес медаль алып келді, деп хабарлады Білім министрі Асхат Аймағамбетов.
Балалар отандық жоғары оқу орындарында оқуға грантар алады.
— Тамаша нәтиже: 10-15 шілдеде Цюрихте өткен Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) біздің оқушылар алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды. Елімізден Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Атыраудан бес оқушы қатысты. Олар әлемнің 75 елінен келген 368 құрдасымен бақ сынады.Жігіттер өткен жылғы көрсеткішті жақсарта алды, Қазақстан бес күміс медаль жеңіп алды, – деді Білім министрі.
Команданың алтын медалін Даниил Шатохин, күмісті Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.
Асхат Аймағамбетов ұстаздар мен ата-аналардың зор қолдауының арқасында мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік олимпиадада ел намысын лайықты қорғағанын ерекше атап өтті.
Министр халықаралық беделді олимпиадалардың жеңімпаздары ұлттық жоғары оқу орындарында ҰБТ-дан өтпей-ақ ақшалай сыйлық пен грант алатынын атап өтті. Олардың ұстаз-тәлімгерлері де сыйақы алады.