20.07.2022, 10:00

Ресейдің ішкі істер министрлігі украиндық журналист Гордонға іздеу жариялады

Бұл ретте қандай қылмыстық іс қозғалатыны нақты айтылмаған.

Ресей Федерациясы украиндық журналист Дмитрий Гордонға іздеу жариялады. Бұл туралы Ресейдің ІІМ хабарлады.

    – Дмитрий Гордон Ильич, украин, 1967 жылы 21 қазанда туған, туған жері Киев. Қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеу жарияланды, – делінген ІІМ хабарламасында.

Бұл ретте қандай қылмыстық іс қозғалатыны нақты айтылмаған.

Айта кетейік, Дмитрий Гордон әлеуметтік желіде аталған іздеуге қатысты пікір білдірді.

    – Ресейдің Ішкі істер министрлігі мені іздестіріп жатыр. Тағы да оңбағандық жасай берсін, – деп жазды Гордон Instagram-дағы парақшасында.

Тегтер: журналист