$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде оқу жылы екі аптаға ұзартылуы мүмкін

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2 тамызға дейін жалғасады.

Қазақстанда оқушыларға оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отыр. "Ашық НҚА" порталында Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды.  

Құжатқа сәйкес, 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасы болады.

Алдағы оқу жылында барлық сыныптарға мынадай каникул кезеңін белгілеу ұсынылады:

күзгі каникул – 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасын қоса алғанда);
қысқы каникул – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
көктемгі каникул – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).
Бірінші сынып оқушылары үшін де қосымша жеті күндік каникул енгізіледі - 2023 жылдың 6 ақпаны мен 12 ақпанын қоса алғанда.

"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын арттыру күніне сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамытатын оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2 тамызға дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары