$ 444.22  476.38  4.82

Теңіз кен орнында жұмысшылар уланды

Қазір жұмысшылардың ішкен тамағынан әртүрлі сынамалар алынып, зерттеуге жіберілді.

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында 33 жұмысшы астан уланып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

20 шілдеде түскі ас ішкен “Isker” компаниясының 33 жұмысшысы уланып қалған. Олардың барлығына Теңіз кен орнының ауруханасында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Алайда кейбіреулері ауруханаға жатқызылған. 

Жұмысшыларға “Орта дәрежелі диарея” диагнозы қойылып, асхана жұмысын тоқтатты. Қазір жұмысшылардың ішкен тамағынан әртүрлі сынамалар алынып, зерттеуге жіберілді.

Аталған дерек бойынша “ТеңізШеврОйл” АҚ баспасөз қызметі пікір білдірмеді.

Еске сала кетсек, 6 шілдеде Теңіз кен орнында құбыр жарылып, екі адам қаза тапқан болатын. Ал 5 шілде күні түнгі ауысымға шыққан жұмысшы асылып қалды. Тергеу амалдары жалғасуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары