Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды деп хабарлады polisia.kz.
Жамбыл облысы полиция департаменті полицейлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Оның барысында зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған жасырын қойма табылды.
Екі оқжатары бар «АКС-74У» автоматы, 9 мм калибрлі «ME-38 Marchal» травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді.
Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.
Аноним қалатынына кепілдік беріледі.