Жаңалықтар 22.07.2022 сағат 14:40

«Бүгінгінің мұңды көрінісі»: Жетісуда Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішін қиратып тастаған

Соғысқа қатысқандардың аты-жөні жазылған тақтайшалар ұсақ бөлшектерге бөлінген.
«Бүгінгінің мұңды көрінісі»: Жетісуда Ұлы Отан соғысы батырларының ескерткішін қиратып тастаған
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Шаған ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қиратылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соғысқа қатысқандардың аты-жөні жазылған тақтайшалар ұсақ бөлшектерге бөлінген.

"Бүгінгінің мұңды көрінісі. Аудан басшысы бейбіт өмір сүруге және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік берген жерлестерінің ерлігін ұмытса, маңызды әлеуметтік мәселелерді қалай шешеді?" - дейді жергілікті тұрғындар.

Әкімдік өкілдері мәселенің мән-жайын біледі, бірақ ескерткіштің неліктен аянышты күйде екеніне жауап бермеген. Тек жөнделетініне сендірген.

"Шаған ауылындағы ескерткіш Кербұлақ сотының шешімімен ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық меншігіне берілді. Қазір Әділет органдарында тіркеуден өтіп, мемлекеттік акт дайындалып жатыр. Осы рәсім аяқталғаннан кейін құжаттаманы заңдастыру үшін айтылған нысанды жөндеуге қаражат бөлуге өтінім беріледі", - деді Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі өкілі.

Ескерткіштің жөндеу жұмыстары аяқталатын нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар