$ 448.56  478.03  4.79

Тыр жалаңаш күйде самокатпен қыдырған қыз бен жігіт 10 тәулікке қамалды

Еске салсақ, бұдан бұрын желіде самокат мінген жалаңаш қыз бен жігіттің видеосы тараған еді.

Алматыда әл-Фараби даңғылында тыр жалаңаш самокат тепкен қыз бен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық полиция мәліметінше, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Алматы жолдарында киімсіз самокатпен жүрген 1997 жылы туған М. есімді қыз бен 2003 жылғы Г.есімді азаматқа қатысты сот отырысы өтті.

«Құқық бұзушыларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады және ұстады. Олардың әдепсіз әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылықпен квалификацияланды. Істің материалдары сотқа жіберілді, оның шешімімен әрқайсысы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Еске салсақ, бұдан бұрын желіде самокат мінген жалаңаш қыз бен жігіттің видеосы тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары