Түркістан облысында Қазығұрт ауданының 77 жастағы тұрғыны көп жылдан кейін алғаш рет жеке басын растайтын құжатқа ие болды, деп хабарлайды Оtyrar.kz порталы.
Түркістан облысының полициясы елде жүрген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, басқа елдің азаматтығына жататынын растайтын құжаттары жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтау бойынша іс-шараларды жалғастыруда.
Шара барысында жеке басын куәландыратын құжатын алмаған 77 жастағы Қазығұрт ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.
Осыған орай Қазығұрт аудандық полиция бөліміне қарасты көші-қон қызметі тобының өкілдері қарияға жедел түрде жаңа жеке куәлік дайындап, табыстады.
"Мен Қазығұрт өңірінде дүниеге келдім. Осы уақытқа дейін отбасылық себептермен анықтама құжаттарын ала алмадым. Бүгін маған Қазығұрт көші-қон қызметінің өкілдері көмектесті. Мен жеке куәлік алдым. Алғысымды білдіремін!", – деді Жақсылық Айтымбаев.