Жаңалықтар 24.07.2022 сағат 01:00

Есік қаласындағы атыстан екі адам жараланды

Қазір жарақат алған Есіктің 18 және 30 жастағы тұрғындары Еңбекшіқазақ орталық аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Есік қаласындағы атыстан екі адам жараланды
Фото: ашықдереккөзден

Есіктегі атыстан екі адам зардап шекті. Қарудан оқ атқандарды полиция іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқыс жағдай қала көшелерінің бірінде болған. Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқ атылғаны туралы хабарлама полиция бөлімшесіне 22 шілдеде түскен.

Қазір жарақат алған Есіктің 18 және 30 жастағы тұрғындары Еңбекшіқазақ орталық аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ал бейбіт күнде оқ жаудырған күдіктілерге іздеу жарияланды.

Аталған дерек ҚК 24-бабы (кісі өлтіруге оқталу), 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша полицияға тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар