$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте автобус жүргізушілері шу көтерді

Жанармай тапшылығынан жүргізушілер аптап ыстықта ақша үнемдеу үшін кондиционер де қоспайды екен.

Шымкентте жанармай тапшылығынан үнемі жолда қалатын қоғамдық көлік жүргізушілері шу көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жүргізушілердің наразық білдірген видеосы Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды. Онда автобустың жанармайы бітіп, тоқтап қалғанын көруге болады. Жүргізуші мұндай жағдай тек өзінің басында ғана емес, қалған әріптестерінде де жиі кездесетінін айтып жатыр.

“Күнде көргеніміз осы, жалғыз мен ғана емес. Мынау да өшіп қалған, мен сияқты жолда қалып кеткен. Менікі де нөлде тұр”, — дейді автобус жүргізушісі.

Жанармай тапшылығынан жүргізушілер аптап ыстықта ақша үнемдеу үшін кондиционер де қоспайды екен. Ал аптап ыстықта кондиционер қоспай жүру жолаушылар үшін де оңай емес. Соңғы күндері өңірдегі ауа температурасы +40+45 градусты көрсетіп тұр.

Жүргізушілердің бұл наразылығына қатысты жергілікті әкімдік әзірге ешқандай жауап берген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары