Жаңалықтар 24.07.2022 сағат 17:20

Ақтауда жаңбырдан кейінгі су көліктерді ағызып әкетті

Бейнежазбаны түсіріп тұрған әйел адам "бүкіл көліктерді қарғын су алып кеткен" дейді.
Ақтауда жаңбырдан кейінгі су көліктерді ағызып әкетті

Ақтауда нөсер жауынның соңы тасқынға ұласып, көліктер суға кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желіде Ақтаудан 70 шақырым қашықтықтағы "Көгілдір" қойнауы (Голубая бухта) жағалауына кіреберіс жерде көліктердің суға кеткен видеосы тарады. 

Бейнежазбаны түсіріп тұрған әйел адам "бүкіл көліктерді қарғын су алып кеткен" дейді. Өзен сияқты аққан судың ортасында бірнеше көлік суға батып жатыр. Жағада тұрған тұрғындардың көпшілігі амалсыз қарап тұр. Біреулері судың ортасына дейін барып, батқан көліктерді шығарып алуға әрекеттеніп жүргені байқалады.

Әлеуметтік желіде тұрғындар Ақтауда кеше жаңбыр қатты жауғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар