24 шілдеде Қарағанды қаласының 51 жастағы тұрғыны полицияға шағым түсірген. Сөзінше, кешкі 19:00 шамасында белгісіз біреу 13 жастағы қызының қолынан ұстап, бұталар арасына сүйреген. Кейін қызды зорламақ болған. Қыздың айқайлаған соң қаскөй баланы жіберіп, қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары келген. Олар көп ұзамай қаланың 36 жастағы тұрғынын ұстаған.
"Бұл деректен кейін Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі " Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес қаскөй күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп мәлімдеді полицейлер.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпараттарды полиция өкілдері жария етпеген.