$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында зиратты тонамақ болғандар ұсталды

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеу бастады.

Қостанай облысында зиратты тонағандар ұсталды - деп хабарлайды "Костанайские новости" сайты.

Қаскүнемдер Октябрьское аулындағы зиратты тонап жатқан кезде ұсталған.

"Ауыл тұрғындары металл жинаушыларды ұстады. Ұрылар бейіттегі қоршауларды жұлып жатқан. Тұрғындар учаскелік полиция мен жедел топты шақырды", - делінген басылымда.

Куәгерлер полицияға кінәлілерді жауапқа тарту туралы өтінішпен жүгінді.

"Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейлері зираттан металл қоршауларды ұрлаған екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. 23 шілдеде Октябрьское ауылында екі ер адам қабірден 17 қоршауды ұрлап, "Газель" автокөлігімен оларды алып кетуге тырысты", - деп түсіндірді облыстық Полиция департаментіндегілер.

Тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тергеу бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары