$ 449.58  486.94  4.86

Барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға қатысты қылмыстық іс тіркелді

Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілдерін жетілдіріп жатқандарын хабарлады. 

Атап айтқанда, аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді.

«Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам осындай сайт бұғаттауға жіберілді. Биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген», - деп жазды ведомство.

Сот 7 қылмыстық істі қарады. Олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1-еуі шет мемлекеттің (Украина) азаматы.

«Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады», - делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары