Ақтөбеде бір отбасының екі баласы суға батып кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 30 шілде сағат 14: 19-да Ақтөбе облысы кезекшілік-диспетчерлік басқару пултіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Заречный-1 оңтүстік айналма көпір ауданы маңында суға түсуге жабдықталмаған орында 18 жастағы баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түскен. Нәтижесінде азаматтың денесі жағадан 10 метр қашықтықта 3 метр тереңдіктегі судан шығарылған.
Ал 19:30-да аталған мекенжайдағы жабдықталмаған орында 2 баланың батып кеткені жөнінде ақпарат түскен.
Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар бір үйдің 2009 және 2011 жылғы екі баласы суға батқанын анықтады. Олардың денесі жағадан 15 метр қашықтықта 3 метр тереңдіктегі судан шығарылды.