Бүгін түстен кейін Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Джанглишов суға батып кетті.
"Ақ Жайық" газетінің мәліметі бойынша бұл жағдай Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Әкімнің жанында адам болғаны-болмағаны - белгісіз. Ринатом Джанглишов суға түсуге жабдықталмаған жерде шомылған.
Денесі әлі табылған жоқ. Ақпаратты аудан әкімдігінің қызметкерлері де растап отыр.