Жыл басынан бері 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
«Жыл басынан бері ҚМА 4 млрд теңгеге жалпы көлемі 20 мың тонна мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғады. Анықталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда. Өңірлерде шекара қызметі және мемлекеттік кіріс органдарымен өзара іс-қимыл жолға қойылып, бірлескен жұмыс жоспарларына қол қойылды», - делінген ресми хабарламада.