01.08.2022, 15:40

Атырау облысында суға батып кеткен аудан әкімі әлі іздестіріліп жатыр

Фото: ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 31 шілдеде күндіз Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған.

Сүңгуірлер өзенге батып кеткен Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылышты іздеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды ATPress.kz.

"Қазір іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригадасы, екі қайық және бір моторлы қайық жұмылдырылды", - деді Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Махамбет ауданы бойынша басқармасы өкілдері.

Қайғылы оқиға 31 шілдеде күндіз Махамбет ауданы Ортақшыл ауылында болған. Ринат Жанқылыш белгісіз жағдайда Жайық өзеніне батып кетті.