Жаңалықтар 02.08.2022 сағат 17:40

Мәнерлеп сырғанаушы Гаухар Наурызова ұлттық құрама сапынан шығарылғанын мәлімдеді

Мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсететін жұп Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазақстан Президенті мен халқына үндеу жолдады.
Мәнерлеп сырғанаушы Гаухар Наурызова ұлттық құрама сапынан шығарылғанын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мәнерлеп сырғанаушы Гаухар Наурызова ұлттық құрамадан шығарылғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz спортшының Instagram парақшасына  сілтеме жасап.

"Жаттығудан кейін қалпымызға келместен, елімізді халықаралық аренада көрсету үшін ақша табуға барамыз. Федерация болса ұлттық құрамадан заңсыз шығарады. Қазақстандағы жалғыз жұп екеніміз бәріне мәлім. 2022 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионатына тек біз және жалғыз сырғанаудан Михаил Шайдоров мүмкіндік алғандығын барлығы біледі. Елімізде мұздағы би дамымаған, тіпті жоқ деуге де болады. Біз Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың осы түрін дамытқымыз келеді. Жұбымызды және осы пәнді дамыту үшін федерация мен спорт министрлігі тарапынан қолдау қажет. Бірақ қазіргі федерация көмектесуге тырыспайды да. Бойсангур Датиевпен бірлескен мансабымызда федерациядан бірде-бір рет қолдау, қаржыландыру алмадық.

Әлем чемпионатынан кейін Бойсангур Қазақстан азаматтығын алуға келді. 6 жыл бойы азаматтықты қабылдауға дайын болғанымен, бірақ нәтиже жоқ. Федерация бұл мәселеде көмектесуге мүдделі емес. Сондай-ақ, Қазақстанның бас бапкері әлем чемпионатынан кейін бізді штаттық құрамаға қабылдауға тырысты. Өткен маусымның барлық нәтижелері бойынша біз өтіп тұрмыз. Мұнда да нәтиже жоқ. Шілде айында федерацияның атқарушы директоры комитетке мені... ұлттық құрамадан шығару үшін хат жолдады деген жаңалық келді. ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы барлық заң бойынша бұл шешім заңсыз. Бізді естігендерін қалаймыз! Біз федерацияның заңды әрекет етіп, спортшыларына көмектескенін қалаймыз!",- деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев жұбы 2016 жылы құрылған. Спортшылар Мәскеуде Александр Жулиннің басшылығымен жаттықты. Одан кейін жұптың жаттықтырушысы Анжелика Крылова болды.

Фото: tumba.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар