$ 444.22  476.38  4.82

Директор мектепті 7 жылдан артық басқара алмайды

Білім беру ұйымына тағайындалғаннан күннен бастап 4 жыл лауазымды қызметте болған басшылар ротацияланады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін бір топ депутат мектеп директорларының ротациясы мәселесі қайта қаралуы керектігін айтып, мәселе көтерген болатын. Алайда Үкімет өз позициясында қалып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Білім беру ұйымына тағайындалғаннан күннен бастап 4 жыл лауазымды қызметте болған басшылар ротацияланады. Бұл ретте бірінші басшының бір білім беру ұйымында лауазымды қызмет атқаруына рұқсат етілген ең ұзақ мерзім 7 жылдан аспайды», - делінген Үкімет басшысы орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында.

Оның атап өтуінше, ротация жүргізу үшін білім беру басқармасының кадр қызметі ауысуы тиіс бірінші басшылардың тізімін әзірлейді. Педагогтарды аттестациядан өткізу ережесі мен тәртібіне сәйкес, бірінші басшы жұмысының тиімділік көрсеткіштері бойынша есеп түзіледі. Ол жұмыс бағыттары бойынша 10-нан астам өлшемшартты қамтиды.

«Тиімділік көрсеткіштеріне қатысты мәліметтерді білім беру басқармаларының, әдістемелік кабинеттердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, білім саласындағы қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен жасақталған және материалдарды шынайы әрі жан-жақты зерделеу үшін консультативтік-кеңес органы саналатын комиссия қарайды. Атестаттау ережелерінде көрсеткіштер бойынша өлшемшарттар мен тиісті баллдар айқындалған. Бұл жемқорлық тәуекелдерін төмендетед. Ротацияланатын бірінші басшы қойылған баллдың дұрыстығын, негізділігін қайтадан тексере алады», - деді Ералы Тоғжанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары