$ 446.49  475.38  4.79

«Соңғы екі жылда 800 іс қаралды»: Елімізде бала саудасы тыйылмай тұр

Қолданыстағы есепке алу жүйесі әрбір баланы толықтай қадағалауға және оны заңға қайшы әрекеттерден қорғауға мүмкіндік бермейді.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Соңғы 2 жылда елімізде бала саудасына қатысты 800 факті тіркелді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жеке сәйкестендіру нөмірін тіркеу есебі ЖСН ұлттық реестрінде жүзеге асырылады және жеке тұлғаға қатысты мәліметтер негізінде қалыптасады: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері, жеке тұлғаның өмірлік жағдайы (тірі, өлі). Сараптама көрсетіп отырғандай, қолданыстағы есепке алу жүйесі әрбір баланы толықтай қадағалауға және оны заңға қайшы әрекеттерден қорғауға мүмкіндік бермейді. Айталық, соңғы 2 жылда бала, оның ішінде жаңа туған сәби саудасы фактісі бойынша шамамен 800 іс қаралды», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның айтуынша, осыған орай Үкімет «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін енгізу аясында барлық балаға туа салысымен ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) беру арқылы есепке алу мәселесін қолға алып жатыр.

«Бүгінде «Отбасының цифрлық картасы» мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесімен ықпалдастырылған. 2022 жылдың 1 маусымынан бастап аталған жобаны барлық өңірде іске асыру процесі басталды», - деді Әлихан Смайылов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бала саудасы