Жаңалықтар 04.08.2022 сағат 03:00

«Ақсаусақ»: Самаурын қоюды білмейтін қалалық жігіт күлкіге қалды

Жұрттың күлкісіне қалған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Ақсаусақ»: Самаурын қоюды білмейтін қалалық жігіт күлкіге қалды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ол тіпті самаурынға суды қалай құю керек екенін де білмейтін болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Жұрттың күлкісіне қалған жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда ауылға келген қалалық жігіт самаурынның от жағатын жеріне су құяды. Ал құйған суы самаурынның шоқ түсетін жерінен сауылдап ағып кетеді. Бұл сәтті бейнежазбаға түсірген азамат қалалық жігіттің бұл әрекетін әбден келеке қылады.

"Мынау Алматыдан келген құда балам. Самаурын қой деп едім, суды қай жағынан құйып тұрғанын қараңдар. Самаурын тесік пе екен? Онда астын біте", — деп мазақтайды видео авторы.

Жас жігіттің әрекетін желі қолданушылары да күлкі қылды.

"Ақсаусақ қой мынау. Жұмыс істеп көрмеген","Осындай да ақылсыз болуға бола ма?","Видеоға түсіріп тұрмай, үйретпейсің бе? Жас бала ғой", — деп жазды пікір білдірушілер.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар