$ 494.87  520.65  4.91

Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды

Айта кетейік, химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жүргізіледі. Бапқа сәйкес, күдікті кәмелетке толған қызды зорлағаны үшін бірінші рет жазасын өтегендіктен, оған кастрация қолданылмаған.

Жетісу облысы Шолақай ауылында қыз зорлап, өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам осындай қылмысы үшін бұрын да жазасын өтеген, бірақ химиялық кастрациядан өтпеген. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілі Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауап ретінде айтты.

Қазақстанда зорлау дерегіне қатысты қатаң жаза қарастырылған. 15 жастағы қызды зорлап, өлтірді деген күдікпен ұсталған 38 жастағы ер адам бұрын да сотталған, бірақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, химиялық кастрациядан құтылған.

Комитет мәліметінше, ер адам 2013 жылы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі "Зорлау..." бойынша сотталған. Қылмыстық кодексте бірнеше тармақ бар, алайда оқиға бұрынырақ болғанына байланысты ер адам нақты қай тармақ бойынша қылмыс жасағаны белгісіз.

Қылмыстық кодекстегі барлық тармақ:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

2) өлтіру қатерін төндірумен ұласқан, сондай-ақ, жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

3) жәбірленушіге соз ауруын жұқтыруға алып келген;

4) бірнеше рет жасалған;

5) адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау.

Қылмыстық кодекске сәйкес, 2-бөлік бойынша күдікті 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ер адам 5 жылға сотталған. Сонымен қатар, 2015 жылы Талдықорған сотының қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылған.

"Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды алып тастау 2016 жылғы сәуірінен бастап күшіне енді", - деп түсіндірді ҚАЖК өкілі.

Ер адам толық мерзімде жазасын өтесе, ол 2018 жылы босар еді. Демек, ол 2015 жылы босатылмаса, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату арқылы шыға алмайтын еді.

"Дәл сол қылмысы үшін адамға химиялық кастрация қолдану мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Сондықтан оған бұл шара қолданылған жоқ", - деп нақтылады ҚАЖК қызметкері.

Айта кетейік, химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жүргізіледі. Бапқа сәйкес, күдікті кәмелетке толған қызды зорлағаны үшін бірінші рет жазасын өтегендіктен, оған кастрация қолданылмаған.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын. Ол қылмысын мойындаған.

Полиция мәліметінше, ер адам қызды зорлап, кейін өлтіріп, содан кейін қылмыстың ізін жасыру үшін денесін өртеуге тырысқан. Енді күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары