$ 443.85  474.3  4.8

Медведев: Дұшпандар бізді араздастыра алмайды

Бұл - ақпараттық соғыстың көрінісі, бірақ Ресейді ТМД-дағы достарымен араздастыру мүмкін емес, кінәлілер жазасыз қалмайды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев «дұшпан елдер Ресейді ТМД-дағы достарымен араздастыра алмайтынын» мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Медведев «РИА Новостиге» «ВКонтакте» парақшасы бұзылғанын және онда пайда болған геосаясат пен КСРО туралы жазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл - ақпараттық соғыстың көрінісі, бірақ Ресейді ТМД-дағы достарымен араздастыру мүмкін емес, кінәлілер жазасыз қалмайды. Оның айтуынша, ҰҚШҰ, ЕАС және ШЫҰ бойынша одақтастармен араздастыруға мүдделі жау елдер жеткілікті, бірақ оларға мұндай мүмкіндік бермейміз», - делінген агенттіктің Telegram-арнадағы хабарламасында.

Бұған дейін Желіде скриншоттар пайда болған еді. Онда «ВКонтакте» желісіндегі Дмитрий Медведевтің парақшасындағы пост көрінген.

Медведевтің парақшасынан түсірілген скриншоттарда «Қазақстан жасанды мемлекеттік құрылым» екені, ал Грузия 19 ғасырдың басында Ресей жаулап алғанға дейін болмағаны айтылған.

Кейін Дмитрий Медведевтің көмекшісі болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары