$ 494.87  520.65  4.91

«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорны өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын бұзып келген

Барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде сенімді мәліметтерді қамтамасыз ететін станоктар сатып алынғанбаған.
фото: ҚазТАГ
фото: ҚазТАГ

«Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамында өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарын 171 рет бұзғаны анықталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«В.И. Ленин атындағы шахтаның қауіпті өндірістік нысандарына тексеру жүргізілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі заңнама талаптарын 171 рет  бұзғаны анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықтаған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды», - делінген хабарда.

Сонымен, жазатайым оқиғаларды арнайы тексеру актілерінің (2021 жылғы 07 қарашадағы топтық жазатайым оқиға) тармақтары орындалмағаны белгілі болды:

- шығарындыға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде жұмысшылардың ықтимал шығарындылар аймағында болуын болдырмайтын басқаруы бар, төсеу бұрыштарын, ұңғымалардың ұзындығын электрондық бақылайтын және бұрғылау снарядына жүктеменің өзгеруін тіркейтін станоктар пайдаланылмайды;

- эксплуатациялық барлау ұңғымаларын бұрғылау кезінде сенімді мәліметтерді қамтамасыз ететін станоктар (ұзындығы, ұңғымалардың орналасу бұрышы, бекінісі, жыныстардың типі, кернді өңдеу мүмкіндігімен және т.б.) сатып алынғанбаған;

- дигазациялық құбырлар тораптық нүктелерде «АМТ» АҚ КД шахталарында аэрогазды бақылау операторына (АГК) шығарылған газ қоспасын бақылау аспаптарымен жабдықталмаған.

Бұдан басқа, компания өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі талаптарын да бұзып келген.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғандағы басты кемшіліктер:

- рельс жолдары мен таспалы конвейерлерді тау-кен массасының төгілуінен тазарту жүргізілмейтіндігі;

- таспалы конвейерлердің шамадан тыс жүктелу орындарында шаң басатын рамалар өз функцияларын орындамауы;

- шахтада ауаның есептік жылдамдығы 0,5 м/с қамтамасыз етілмеген қазбалардың пайдаланылуы.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін заң бұзушылықтарға байланысты Қарағанды облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа монорельсті жолды тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданды. 

«Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – көмір өндіру. Кокс ОС (қатталған жентектелген) Д6, Д1 маркалы көмір қабаттары өңделуде. Шахта көмір мен газдың кенеттен лақтырылуынан, сондай-ақ көмір шаңының жарылғыштығынан қауіпті. Шахта алаңының көлемі: ені бойынша 6 000 м, ылдилау бойынша 5 000 м, жер асты тау-кен қазбаларының жалпы ұзындығы 91,816 км құрайды», - деді комитетте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары