$ 494.87  520.65  4.91

«Басқа адамым бар...»: Алматылық әйел ажырасып кеткен күйеуі не үшін пышақтамақ болғанын айтып берді

Ол мені өлтіргісі келді! Мен одан қорқамын!

Алматыда өзінің бұрынғы әйелін пышақтаған ер адам 15 тәулікке қамалды. Алайда жәбірленуші өз өмірі үшін қатты алаңдап отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Қоғамдық көлікте жанжалдың қалай болғанын жәбірленушінің өзі журналистерге берген сұхбатында айтып берді. Оның айтуынша, екі жыл бұрын ажырасқан күйеуі бұған дейін де талай рет соққыға жығып, әлімжеттік жасаған екен.

Ал 31 шілдеде автобуста оған бірнеше рет пышақ сұғып, өлтірмекші болған. Құдай сақтағанда, жолаушылардың бірі араша түсіп оның өмірін сақтап қалыпты.

Ол мені өлтіргісі келді! Мен одан қорқамын! Сол күні мен учаскелік полиция қызметкеріне телефон шалып, менімен сөйлесуге тыйым салуын тағы да сұрадым. Оларға мені аңдып жүрген күйеуімнің фотосын жіберіп, өміріме араша түсуін өтіндім, — дейді жәбірленуші.

Алайда келіншектің бұл арызынан ешқандай нәтиже шықпаған. Аңдуын тоқтатпаған күдікті қыл аяғында автобусқа кіріп, әйеліне бірнеше рет пышақ ұрады. Жолаушылардың көзінше болған жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

"Екеуіміз 8 жыл бірге тұрдық. Ортада екі баламыз бар. Ажырассақ та ол менің артымнан қалар емес. Тіпті басқа адамым бар десем де қоятын түрі жоқ. Автобуста пышақты қалай шығарғанын көрдім. Ол маған бірнеше рет сұғып үлгерді. Бірақ сол сәтте жолаушылардың бірі шапшаң қимылдап, оны тоқтатты. Сол бейтаныс жігіт болмаған да, қазір бұлай сөйлесіп отырмаушы едім", — дейді келіншек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары