«Қазақстан - жасанды мемлекет» деп жазып алып, кейін оны хакерлер жазған деп сөзінен тайқып кеткен Дмитрий Медведевке Қазақстандағы орыс жігіті жауап берді, деп жазады Skifnews.kz.
Бекжан Өтемұратов атты Facеbook әлеуметтік желісі қолданушының парақшасында жарияланған видеоүндеуде автор "өз елім үшін соңғы демім қалғанша күресемін. Қазақстан үшін күресемін", дейді.
«Оның не жазғанын көпшілігі көрген болар. Осында өмірге келген орыс ретінде жауап бергім келеді. Бізге мұнда ешкім тиісіп жатқан жоқ, бізді жайымызға қалдырыңдаршы. Қазақстанды жайына қалдырыңдаршы. Қазақтар әрдайым қонақжай халық, солай болып қала береді де. Олардың мені қабылдағандарына, олардың менің халқым екеніне алғысым шексіз. Өз елім үшін соңғы демім қалғанша күресемін. Қазақстан үшін күресемін», - деді орыс жігіті.